«Математикалық регата» турнирі

02.12.2022

Математика пәні мұғалімдерінің арасында өткен облыстық «Математикалық регата» турнирі

 

              Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сай ағымдағы жылдың  2 желтоқсан күні Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейі  базасында білім беру ұйымдарының математика пәнінің мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, тәжірибелерін насихаттау және қолдау мақсатында  «Математикалық регата» турнирі өткізілді.

Турнирге аудандардан 12, облыстық мектептерден 3 команда қатысты. Командалар төрт кезеңнен тұратын сайысқа түсті. Қорытынды кезеңінде байқауға қатысушылардың жұмыстары талданды, шешім шығарылып,  жеңімпаздар анықталды.

          Турнирдің қорытындысы бойынша төменде аталған қатысушылар тобы  сыйлықтар, дипломдар мен грамоталармен марапатталды.

І орын – «IT жұлдыздары» командасы Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты;

ІІ орын – «Модуль Х» командасы Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған  мектеп-лицей-интернаты ;

ІІІ орын - «Бәйтерек» командасы Бәйтерек ауданы;

ІІІ орын - «Факториал» командасы Жәнібек ауданы;

«Үздіктің үздігі» номинациясы - «Ақжайық» командасы Ақжайық ауданы;

«Үздік математик» номинациясы - «Квант» командасы Тасқала ауданы;

«Ұшқыр ойлы математиктер» номинациясы - «Қос өзен» командасы Казталов ауданы;

«Мобильді» номинациясы - «Евклид» командасы Теректі ауданы.

 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено