«Отан қорғаушы – 2021» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында өткізілетін облыстық онлайн әскери-патриоттық ойындары туралы

15.03.2023

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 - 6 мамыры аралығында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында «Отан қорғаушы - 2021» атты облыстық қашықтықтан өткізілетін әскери – патриоттық ойындары өтеді.

Ойынның мақсаттары:

- білім алушыларды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезімдер мен ер-азаматық қасиеттерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жетілдіру;
- жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың қызметін үйлестіру;
- жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, балалардың әскери қызмет өткеру кезінде қажетті дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено