Білім күніне орай, 2 қыркүйек мерекелік жиын өткізілді.
02.09.2017
Білім күніне арналған мектепішілік жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының салтанатты түрде орындалуымен басталды. Салтанатты рәсім барысында мектеп директоры және шақырылған қонақтарымыз өздерінің ізгі ниет- тілектерін білдіріп, барлық ата- аналарды, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады.
Мектепішілік жиын аяқталған соң, мектеп оқушылары тәрбие сағаттарына қатысты. Тәрбие сағаттарының тақырыбы Білім күніне байланысты " Мен өз елімнің патриотымын" деп аталды.










Community discussions
Обсуждений не найдено