Мектебімізде Тіл мерекесі апталығы болып өтті.

20.09.2016

Осыдан тура 27 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Осыған орай мектебімізде Тіл мерекесі апталығы болып өткен еді. Аталған апталық қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында ұлы ағартушының өміріне арналған шарадан бастау алды. Бұл шара 5-6 сыныптар аралығында болып, 5-ші сынып оқушылары Ыбырай атамыздың әңгімелерінен көрініс көрсетсе, ал 6-шы сынып оқушылары өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтты. Тәрбиелік мәні бар бұл шара Ыбырай Алтынсариннің өзіндік қалдырған ізімен, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолына арнаған өмірін әңгімелеумен қорытындыланды.











Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено